«Sarmat888» ЖШС «Алладин» балабақшасы

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, С. Шаймерденов көшесі, 8Б, н.п.16

Біздің балабақша 2023 жылдан бастап жұмыс істейді.

Балабақшаның жобалық қуаты – 66 орын. Ғимараттың жалпы алаңы 389,5 шаршы метрді құрайды.

Бізде кең әрі жарық жатын бөлмелер, ойындарға арналған ыңғайлы бөлмелер, музыкалық зал және ғимарат типтік болғандықтан, таза ауада ойын ойнауға арналған алаң бар.

СанПиН талаптарына сәйкес жас ерекшеліктеріне арналған күн тәртібі мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптарға сай ұйымдастырылған. Балаларға 4 мезгіл теңгерімді тамақтану, таза ауада көптеген қимылды ойындар, заманауи білім беру бағдарламалары ұсынылады. Сонымен қатар педагогтердің еңбегі – баланы дұрыс тәрбиелеудің маңызды бөлігі.

Балаңыздың тәрбиесін нағыз мамандарға сеніп тапсырыңыз. Олар балаңыздың дені сау, белсенді, көпшіл әрі талантты болып өсуі үшін бар күшін салады.

Балабақша 5 күндік жұмыс режимінде сағат 8:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Кезекші топ – сағат 18:40-тан 19:30-ға дейін.